А. Жұмағалиев: «2014-те бес бірдей жүрдек пойыз жолға шығады»

Фотография - А. Жұмағалиев: «2014-те бес бірдей жүрдек пойыз жолға шығады»

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифинг барысында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев алдағы жылда бес бағыт бойынша жүрдек пойыз жолға шығатынын жариялады.

175 0

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифинг барысында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев алдағы жылда бес бағыт бойынша жүрдек пойыз жолға шығатынын жариялады.

- Ағымдағы жылда біз республикаішілік үш жүрдек пойызды жолаушылар пайдалануына бердік. Ал енді алдағы жылда бұл көрсеткішті одан сайын арттыра түспекпіз. Яғни, жолаушылар тасымалымен айналысатын, «жүрдек» санатты бес пойызды жолға шығармақпыз. Атап айтқанда, «Астана – Защита», «Алматы – Защита» бағыттарында қатынайтын құрамдардың жүрісін жылдамдатпақ ниеттеміз. Сондай-ақ, мұның ішінде халықаралық бағытта жүретін «Алматы – Ташкент» пойызы да бар. Ал жалпылама түрде алар болсақ, елдегі жүрдек пойыздар санын жыл сайын екі-үшеуге дейін өсіріп отыру ұзақ мерзімді басым мақсаттар ретінде министрлік тарапынан межеленген, - деді Асқар Қуанышұлы өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, темір жолмен тасымалдау саласындағы парктерді жаңарту жөнінде ағымдағы жылы елімізде бұрын-соңды болмаған тың серпіліс жасалды. Өйткені, бір жылдың өзінде 6 жаңа маршрут іске қосылса, оның жартысы – жүрдек пойыздар. Мысалы, Алматыдан Атырауға қазір пойызбен 19 сағатта жетуге болады. Бұл аралықты жүріп өту үшін бұрын пойызға 32 сағат шығындалатын. Ал Астанадан Атырауға бұрынғы 49 сағаттың орнына 30 сағат жеткілікті болса, бүгінгі таңда Астанадан Семейге пойызбен жету уақыты 18 сағат емес, 13 сағатты құрап отыр.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!