Келесі жылы 2,3 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған

Фотография - Келесі жылы 2,3 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған

Келесі жылы 2,3 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған

154 0

Келесі жылы 2,3 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев айтты - деп хабарлады ҚазАқпарат

«Республикалық жолдар жүйесіне келер болсақ, келесі жылы біз шамамен 2,3 мың км жолды жөндеуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде негізгі назар халықаралық дәліздерді одан әрі жаңғырту, жөндеу жұмыстары биыл басталған «Астана-Павлодар», «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Қорғас» автожолдарына аударылатын болады. Осы тұста «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралі туралы айтар болсақ, 2013 жылы әуелде жоспарланғандай 806 километр бойында қозғалыс ашылды», - деді министр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!