Астаналықтардың орташа жалақысы 15 пайызға өсті

Фотография - Астаналықтардың орташа жалақысы 15 пайызға өсті

Астаналықтардың орташа жалақысы 15 пайызға өсті. Жыл басынан бері 18 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді

136 0

Астаналықтардың орташа жалақысы 15 пайызға өсті. Жыл басынан бері 18 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді - деп хабарлады BAQ.KZ .

«Жылдың қорытындысы бойынша, Астанадағы орташа жалақы мөлшері 165 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық. Бас қаламызда құны 87 млрд теңге болатын 19 жобаны жүзеге асырдық. Дәл осы жобалардың есебінен 3 мың жұмыс орны ашылды. Жалпы жыл басынан бері 18 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Астана қаласының қазынасына салық есебінен 600 млрд теңге жиналды», - деді И.Тасмағамбетов.

Айта кетейік, бүгін Астанада қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов журналистер үшін арнайы брифинг өткізуде. Брифингпен қатар, орталықтың залында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы көрме ұйымдастырылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!