Астанада 200-ден астам апатты үйлер 2017 жылға дейін бұзылады

Фотография - Астанада 200-ден астам апатты үйлер 2017 жылға дейін бұзылады

«Қолжетімді баспана 2020»  бағдарламасының апатты тұрғын үйлерін бұзу бойынша ілкі жобасы аясында 2017 жылға дейін Астанада 228 апатты үйді бұзу жоспарлануда

164 0

«Қолжетімді баспана 2020»  бағдарламасының апатты тұрғын үйлерін бұзу бойынша ілкі жобасы аясында 2017 жылға дейін Астанада 228 апатты үйді бұзу жоспарлануда, деп мәлімдеді Астана  әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

«Бағдарлама аясында 2017 жылға дейін бұзылатын 228 үйдің тұрғындары жаңа үйлерден пәтер алады. Бұзылатын апатты тұрғын үйлердің көлемі шамамен 150 мың шаршы метрді  құрайды, бұл ретте апатты тұрғын үйлердің 3 мың 519 отбасын баспанамен қамтамасыз ету талап етілуде», - деді  Тасмағамбетов Астанада орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.


Әкімнің мәліметінше, қазір жыл сайын 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй іске қосылуда - деп хабарлады  newskaz.kz


«2013 жылдың қорытындысы бойынша, астанамызда 1 млн. 100 мың – 1 млн. 200 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ал, егер жалпы алатын болсақ, қала қалыптасқалы бері 12 млн. шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға беріліпті. Мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктері мен бағдарламалары бойынша, 18 мың отбасы немесе 60мың адам жеке үйге қол жеткізген»,-деп атап айтты ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!