Қазақстанның басым аумағында антициклон жүреді

Фотография - Қазақстанның басым аумағында антициклон жүреді

Бүгін 29 желтоқсанда Қазақстанның басым аумағының күн райын антициклон анықтайды.

161 0

Бүгін 29 желтоқсанда Қазақстанның басым аумағының күн райын антициклон анықтайды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлайды. «Негізінен күн ашық болады, кей жерлерде жел күшейеді, боран соғады, көктайғақ болады, тұман түседі»,- деп жазылған хабарламада. Ақмола облысының кей жерлерінде боран соғады, тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысында тұман түседі, түнде Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы15-20 м/с. жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Қарағанды облыстарында тұман түседі. Қызылорда, Атырау облыстарының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау облысында тұман түседі, жел күшейеді. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түседі, жекелеген аудандарда желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді, боран соғады. Павлодар облысында да боран соғады, 15-20 м/с.жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі, жекелеген аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с. болады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, боран болады деп болжанған.


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!