Сенат бюросында заң жобалары бөлінді

Фотография - Сенат бюросында заң жобалары бөлінді

Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бюросы комитеттерге Мәжілісте мақұлданған заң жобаларын бөлді.

252 0

Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бюросы комитеттерге Мәжілісте мақұлданған заң жобаларын бөлді.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ТМД-ға қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы берілді. Сондай-ақ осы комитетке Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарына әскери инфрақұрылым объектілерін орналастыру туралы хаттаманы ратификациялау туралы құжат та берілді.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті жол жүрісі туралы заң жобасына және соған сәйкес ілеспе заң жобасына бас комитет болып белгіленді.

Заңнамаға қайта құрылымдауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді одан әрі дамыту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Қаржы және бюджет комитетіне берілді.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!