Оңтүстік Қазақстан облысы 2013 жылды рекордтық көрсеткішпен аяқтады

Фотография - Оңтүстік Қазақстан облысы 2013 жылды рекордтық көрсеткішпен аяқтады

Берекесі мен бірлігі жарасқан Оңтүстік Қазақстан облысы 2013 жылды толғай табыстарымен, турасын айтсақ рекордық көрсеткішпен аяқтап отыр

166 0

Берекесі мен бірлігі жарасқан Оңтүстік Қазақстан облысы 2013 жылды толғай табыстарымен, турасын айтсақ рекордық көрсеткішпен аяқтап отыр. Жаңа 2014 жыл қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар әлеуметтік мәні бар нысандардың ашылу салтанаты өтті. Мәселен, соңғы бір аптаның көлемінде өңірімізде 48 әлеуметтік нысан ел игілігіне пайдалануға берілді.

Олардың қатарында өңірдің түкпір-түкпірінде салынған 9 денсаулық сақтау ұйымдары мен (4 емхана, 3 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт), 20 малды қолдан ұрықтандыру бекеттері бар, 11 елді мекенді табиғи газбен жабдықтаудың 6 жобасы іске асты, 3 балабақша пайдаланға берілді. Шардара балық зауыты қайта құрылымдаудан өткізілсе, Шаянда кәсіптік колледждің оқу ғимараты мен жатақханасы пайдалануға берілді, Созақ ауылдық клубы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимараттары қайта салынды, Сарыағаш қаласындағы бұрынғы жатақхана ғимараты жаңартылып тұрғын үй ретінде баспана кезегінде тұрған азаматтарға берілді, Түркістан қаласында 150 орындық мектеп пен қолөнер шеберлерінің орталығы ашылды, Шардара қаласының кәріз жүйелері қайта салынып, Көксу ауылының тұрғындары ауыз сумен қамтылды - деп хабарлады  baq.kz

2013 жылы республика ауқымында салынған әлеуметтік нысандардың 49 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысының үлесінде. Биылғы жылдың жүзінде өңірімізде 332 әлеуметтік мәні бар нысандардың құрылысы жүргізіліп, оның 180 нысаны ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл жобалардың басым көпшілігі облыс бюджетін оңтайландырудың нәтижесінде іске асты.  Өзгелерге көрсетер өнегесі көп өңір алдағы жылы бұл табыстарды еселей түсері анық.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!