А. Есімов алматылықтарды Жаңа жылмен құттықтады

Фотография - А. Есімов алматылықтарды Жаңа жылмен құттықтады

Алматы қаласының әкімі А.Есімов қалалық әкімдіктің ресми сайтында алматылықтар мен қала қонақтарын жаңа жылмен құттықтады.

200 0

Алматы қаласының әкімі А.Есімов қалалық әкімдіктің ресми сайтында алматылықтар мен қала қонақтарын жаңа жылмен құттықтады.

А.Есімов жаңажылдық құттықтауында бұл күндері жыл қорытындыланып, болашаққа жоспарлар құрылып жатқанын атап өтті. «2013 жыл біздің қаламыз үшін өте табысты болды. Біздің көптеген жоспарларымыз бен алға қойған мақсаттарымыз орындалды. Қоғамдық көлікті дамыту жылында жарияланған нәтижелерге Алматы қаласының тұрғындары лайықты баға берді. Келесі жылы бұл жұмыс жалғасын табады. Әр жыл сайын біздің өмірімізде ірі экономикалық, саяси, мәдени және спорт шаралары өтеді. Жақын арада Алматы 2017 жылдың Бүкіәлемдік универсиадасын қабылдайды. Мұның барлығы еліміздің әлемдік үрдістерге үн қосып келе жатқанын көрсетеді. Биылғы жылы қол жеткізген барлық жетістіктеріміз бізді жаңа шыңдар мен жеңістерге жеткізетін болады», -деп атап өтті қала әкімі.

Өз сөзін түйіндей келе әкім алматылықтар мен қала қонақтарына зор денсаулық, ырыс пен ынтымақ, бақ-береке тіледі.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!