ҰҚК генералы 13 жылға сотталды

Фотография - ҰҚК генералы 13 жылға сотталды

Кеше Алматыдағы ауданаралық әскери сот ҰҚК "Батыс" шекара әскерінің бұрынғы басқарма бастығы, генерал Әбдіразақ Ілиясовты жемқорлыққа жол берді, қылмыстық топ құрды және өкілетін асыра пайдаланды деген айып бойынша 13 жылға соттады.

209 0

Кеше Алматыдағы ауданаралық әскери сот ҰҚК "Батыс" шекара әскерінің бұрынғы басқарма бастығы, генерал Әбдіразақ Ілиясовты жемқорлыққа жол берді, қылмыстық топ құрды және өкілетін асыра пайдаланды деген айып бойынша 13 жылға соттады.

Оның қарамағында жұмыс істеген капитан Айдос Ғабдуллин – 11 жылға, аға сержант Абай Есімов – 10 жылға сотталды. Подполковник Думан Елемесов қылмыстық кодекстің 65-бабына сәйкес "шын өкінгені" үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Елемесовтен өзге сотталушылар өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.

Сот-тергеу материалдары бойынша генерал Әбдіразақ Ілиясов қарамағындағы қызметкерлермен бірге қылмыстық топ құрып, Өзбекстаннан Қазақстан арқылы Ресейге баратын шетелдік кәсіпкерлерден шекарадан өту үшін ақша бопсалаған.  Прокурордың мәлімдеуінше, «Бейнеу», «Тажен Авто» және «Сырым Авто» атты үш өткізу бекеті арқылы қылмыстық топ шетелдіктерден 100 миллион теңгедей (660 мың АҚШ долларындай) қаржы бопсалап алған.

Генерал Ілиясов, капитан Ғабдуллин және аға сержант Есімов қазір Алматы абақтысында отыр. Подполковник Елемесовке қатысты қолданылып келген үйқамақ шектеу шарасы жойылды. Елемесовтен басқа сотталушылардың адвокаттары шағымданатындарын айтты. Сотқа алқабилер қатысты.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!