«КазТрансОйл» Ресей мұнайын Қытайға тасымалдап беретін болады

Фотография - «КазТрансОйл» Ресей мұнайын Қытайға тасымалдап беретін болады

 Үстіміздегі жылдың 27 желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин және «НК «Роснефть» ААҚ президенті Игорь Сечин мұнай тасымалдау бойынша қызмет көрсету шартына қол қойды

172 0

 Үстіміздегі жылдың 27 желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин және «НК «Роснефть» ААҚ президенті Игорь Сечин мұнай тасымалдау бойынша қызмет көрсету шартына қол қойды - деп хабарлады ҚазАқпарат

Бұл құжат «Қазақстан Республикасы аумағы арқылы мұнай тасымалдау алдын ала шартымен және кепілдіктермен» бекітілген сол ережелерді көздейді. Атап айтқанда, «ҚазТрансОйл» АҚ 2014 жылдың қаңтарынан бастап «НК «Роснефть» ААҚ-қа Прииртышск - Атасу - Алашаңқай бағытымен ҚХР-ға қарай жылына 7 млн. тонна көлемінде мұнай тасымалдау қызметтерін көрсетеді. Шарттың қолданылу мерзімі - 5 жыл, қосымша тағы 5 жыл мерзімге өздігінен ұзартылуы ықтимал. Шарт бойынша төлем Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тарифтерге сәйкес жүргізілетін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!