Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы күрт төмендеуде

Фотография - Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы күрт төмендеуде

деп хабарлайды «Қазгидромет»

205 0

4-5 қаңтарда Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар , Қарағанды, ал 5-6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 30-35, кей жерлерде 38, күндіз 23-28, кей жерлерде 31 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі, - деп хабарлайды «Қазгидромет».

4-6 қаңтарда Кызылорда облысында түнде 20-25, кей жерлерде 30, күндіз 15-20 болса, қайсыбір аудандарда 23 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін деп күтілуде.

Ал 5-6 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде 15-20, кей жерлерде 25, күндіз 10-15, тіпті, кей жерлерде 18 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Астана қаласында 4-5 қаңтарда ауа температурасы түнде 31-33, күндіз 26-28 градус аязға күрт төмендейді, - делінген хабарламада.


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!