Еліміздің екі облысында жол жабылды

Фотография - Еліміздің екі облысында жол жабылды

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

271 0

Ауа райының күр төмендеуіне байланысты және жолдағы көру қашықтығының қиындауына орай еліміздің екі облысында қалааларлық жолдар уақытша жабылды, - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Ақмола облысында қалыптасып отырған ауа райының қолайсыздығынан Жақсы – Державинск және Қима – Терісаққан аралығындағы автожолдар көліктердің барлық түрі үшін жабық. Сонымен қатар, 4-қаңтар күні 00:50-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты дизельдік отынмен жүретін және өзге де техникалардың қалааралық бағыттарда қатынауына тыйым салынды, - делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 4-5 қаңтарда Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар , Қарағанды, ал 5-6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 30-35, кей жерлерде 38, күндіз 23-28, кей жерлерде 31 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі, - деп дабылды ескерту жасаған болатын «Қазгидромет» РМК.


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!