Қызылорда облысының әкімі «жедел жәрдемге» реанимобильдер табыс етті

Фотография - Қызылорда облысының әкімі «жедел жәрдемге» реанимобильдер табыс етті

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Жедел жәрдем» стансасы қызметкерлеріне реанимобильдер тапсырды

229 0

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Жедел жәрдем» стансасы қызметкерлеріне реанимобильдер тапсырды.

«2014 жылғы 5 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі облыс орталығы мен аудандарындағы «Жедел жәрдем» стансасының қызметкерлеріне 26 арнайы санитарлық автомобилінің кілттерін табыс етті», - делінген хабарламада.

Аймақ басшысы жиналғандарды жаңа жылмен құттықтай келіп, денсаулық сақтау саласында автоматтандырылған диспетчерлік-ақпарат қызметін енгізу, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету сияқты қол жеткен бірқатар жетістіктерді атап өтті - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Қ.Көшербаев осыдан кейін 26 реанимобильдің кілттерін тиісті қызметкерлерге тапсырды. Ал медицина ардагерлері атынан облыстың құрметті азаматы Ернияз Омаров облыс әкіміне салаға жасап келе жатқан қамқорлығы үшін алғыс айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!