ОА елдері арасында Қазақстан интернет жылдамдығы жағынан көш бастап тұр

Фотография - ОА елдері арасында Қазақстан интернет жылдамдығы жағынан көш бастап тұр

Орталық Азия елдері арасында Қазақстан интернетке қосылу жылдамдығы жағынан алдыңғы орында. Сөйтіп әлемдік Speedtest рейтингінде 52 орынға тұрақтады.

177 0

Орталық Азия елдері арасында Қазақстан интернетке қосылу жылдамдығы жағынан алдыңғы орында. Сөйтіп әлемдік Speedtest рейтингінде 52 орынға тұрақтады. Қазақстандықтар желіге секундына 13,93 мегабит жылдамдықпен қосылады. Бұл 2014 жылдың қаңтар айының басындағы орташа көрсеткіш. 

Секундына 12,57 мегабит жылдамдықпен интернет желісіне қосылатын Тәжікстан 57-ші орында, Қырғызстан 81-ші (секундына 8,45 мегабит), Өзбекстан 171-ші орында (секундына 2,46 мегабит), ал Түркіменстан рейтингте мүлдем көрсетілмеген.

2010 жылы Қазақстанның көрсеткіші 3,78 мегабит болып, 62 орын алған болатын.

Бірқатар сарапшылардың пікірінше, интернет қолданушылар қатарының артуы жағынан алғанда Орталық Азия елдері біртіндеп алдыңғы орындарға көтеріліп келеді. Жыл өткен сайын жаһандық желіні пайдаланушылар қатары екі есе, кей елдерде тіпті үш ее артуда.

Аталған рейтингте секундына 68,99 мегабит көрсеткішпен Гонконг көш бастап тұр. Одан кейін Сингапур – 59,29 Мбит, Румыния – 56,46 Мбит, Оңтүстік Корея – 48,80 Мбит, Жапония – 41,77 Мбит.

6 - 10 орындарда Макао – (40,56 мегабит), Литва – (39,67 Мбит), Швеция – (39,19 Мбит), Нидерланды – (38,86 Мбит), Тайвань – (36,85 мегабит) деп көрсетілген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!