Министрлер мен депутаттардың азаматтарды қай күні қабылдайтыны белгілі болды

Фотография - Министрлер мен депутаттардың азаматтарды қай күні қабылдайтыны белгілі болды

Министрліктердің бірінші басшылары мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Нұр Отан» партиясының Республикалық Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың талап-тілегін тындайды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен

216 0

Министрліктердің бірінші басшылары мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Нұр Отан» партиясының Республикалық Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың талап-тілегін тындайды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, азаматтарды осы жылғы 8 қаңтарда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов, 15 қаңтарда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қабылдаса, ал 22 қаңтарда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев, сондай-ақ, 29 қаңтарда ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов қабылдау жүргізеді.

Азаматтарды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары да қабылдамақшы. Мысалы, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Еркін Шпанов келушілерді 9 қаңтарда, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Құралай Қаракен 14 қаңтарда, ал Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитет мүшесі Ізбақ Өмірзақов 16 қаңтарда қабылдайды. Өз кезегінде Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитеттен Николай Логутов азаматтарды 21 қаңтарда қабылдаса, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Абай Тасболатов 23 қаңтарда, Қаржы және бюджет комитетінен Глеб Щегельский 28 қаңтарда, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Темірхан Досмұхамбетов азаматтарға 30 қаңтарда қабылдау жүргізеді.

Қабылдау «Нұр Отан» партиясының Орталық қабылдау бөлмесінде мына мекен жай бойынша: Астана қаласы, Кенесары к-сі, 25 жүргізіледі. Қабылдауға 59-78-50 телефон арқылы жазылуға болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!