Н. Назарбаев барша қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Фотография - Н. Назарбаев барша қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

147 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады.

 

Қымбатты отандастар!

Православ христиандарын және барша қазақстандықтарды шуақты мереке - Рождествомен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке көптеген ғасырлар бойы адамдардың жүрегін ең жарқын сезімдерге - жақыныңа деген сүйіспеншілік пен мейірімге толтырып, үнемі бейбітшілік пен жақсылыққа, ізгі ниет пен игі істерге жетелеп келеді.

Бұл мәңгілік рухани құндылықтар барлық діндердің өкілдерін біріктіреді. Олар Қазақстанның бүкіл жетістіктері мен дамуының берік негізі болып саналады.

Болашаққа бағыт ұстаған еліміздің қайталанбас келбетін қалыптастыра отырып, түрлі мәдениеттер мен салт-дәстүрлер бір-бірін байытып жатқан біздің қоғамның күші бейбітшілік пен келісім іргетасына табан тірейді.

Қазақстан барлық этностардың өзіндік жарқын болмысы мен бекем бірлігі арасындағы үйлесімділікті сақтап, әлеуметтік-экономикалық дамуды нығайта отырып, қарыштап алға басып келеді.

Рождествоны мерекелеу ізгілікпен және игі істермен байланысты. Бұл өзара көмек дәстүрі мен өзара сый-құрметті әрдайым басты орынға қоятын барша халқымыз үшін маңызды.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап толеранттылық және конфессияаралық диалог Қазақстанның негізгі басымдығы болып келеді. Біз православиені ұстанатын отандастарымыздың ортақ Отанымыз - Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және рухани дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз.

Осы ізгі мерекеде баршаға татулық пен сүйіспеншілік, бақыт,  игілік пен бақ-береке тілеймін!


Басты сөздер: Дін , Қазақстан Президенті


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!