Павлодар облысының әкімі өңір бойынша алғашқы жұмыс сапарын жасады

Фотография - Павлодар облысының әкімі өңір бойынша алғашқы жұмыс сапарын жасады

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңір бойынша алғашқы жұмыс сапарын жасады

177 0

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңір бойынша алғашқы жұмыс сапарын жасады.

Өңір басшысы  алдымен Шарбақты ауданындағы Александровка ауылында облыс әкімі дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. Медициналық мекеме 3280 адамға қызмет көрсетеді. Санитарлық автокөлігі мен дәрігерлік пункті бар. Облыс әкімі осында дәрі-дәрмекпен және медицина кадрларымен қамтамасыз ету мәселесін қозғады.

Осы ауылда өңір жетекшісі «Абай» ЖШС-да болды. Мұнда қазір 3000 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы бар, тауарлы-сүт фермасының құрылысы аяқталып келеді. Осында егін шаруашылығын дамыту мен сумен қамту мәселелері айтылды.

Қ.Бозымбаев Жаңа ауыл елді мекенінде орман өрттерін сөндіруге арналған стансаны қарап шықты. «Ертіс орманының» бас директоры Қазыбек Әметов қарағайларды заңсыз кесу қарқын алып бара жатқанын атап өтті. Келелі мәселелер де қозғалды - жұмысшылардың еңбекақысының төмен екені көтерілді.

Сонымен бірге, Қанат Бозымбаев Шарбақты ауылындағы «Шарбақты - ҚҰС» ЖШС құс фабрикасында болды. Екі жыл ішінде кәсіпорынды дамытуға 610 млн. теңге инвестиция салынды. Кәсіпорын құс санын 2015 жылы 500 мыңға арттырып, ал жұмыртқа өндіруді жылына 135 млн. данаға жеткізіп, яғни Павлодар облысы бойынша тұтынушылықты 30 пайызға көбейтуді жоспарлап отыр.

Орловка ауылында аймақ жетекшісі «Победа» ЖШС жұмысымен танысты. 25 856 гектар аумағы бар кәсіпорын дәндік дақылдар өсіреді.

400 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы қайта жөндеуден өтті. Сонымен бірге, заманауи бұзау қорасы мен бөтелкелерге құйылған сүт шығару бойынша цехтың құрылысы жүргізіліп жатыр.

Павлодар облысы әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жиын өтті. Онда ағымдағы мәселелер, ауыл шаруашылығы мен ауданда шағын және орта бизнесті дамыту перспективалары жайлы кеңінен талқыланды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!