ҚР Президентінің Жолдауы СҚО Ішкі істер департаментінің ұжымында да талқыланды

Фотография - ҚР Президентінің Жолдауы СҚО Ішкі істер департаментінің ұжымында да талқыланды

13 0

Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының басты бағыттары ұжым ішінде талқыланды,

деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Полиция офицерлері «Стратегия-2050» жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен басты міндеттерін ден қойып тыңдады. Құқық қорғау қызметкерлері еліміздегі құқықтық тәртіпті, оның адамдардың қауіпсіздігі мен қолайлы жүріп-тұруын қамтамасыз етуі бойынша міндеттерді нақтылады.

СҚО ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреев Жолдауды қарап біткен соң Мемлекет басшысының құқық қорғау саласының қызметкерлерінің алдына қойған міндеттерінің өзектілігіне тағы бір тоқталды: «Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс. Биылғы жылдан бастап біз олардың жалақысын көтердік, қалыпты жұмыс істеулері үшін жағдай туғыздық. Қоғам құқық қорғау органдарынан сәйкесінше жұмысын талап етуге құқылы».


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!