Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша жаңа талаптар күшіне енді

Фотография - Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша жаңа талаптар күшіне енді

35 0

Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарының жаңа талаптарын автовокзалдар мен автобекеттердің, автобустық тасымалдаушылардың, таксилердің,

сонымен қатар теміржол вокзалдарында және пойыздарда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатымен Көлік және коммуникация министрлігі әзірлеген.

Атап айтқанда, автовокзалдар мен автостансалар қызметтері бойынша мемлекеттік стандарт қызмет көрсетуші қызметкерлерге, жолаушылардың ақпараттық қамсыздандырылуына, санитарлық және техникалық параметрлеріне, іргелес аумақтарға, багаждардың сақтығына, бейнебақылау мен интернетке шығу жүйелерімен жабдықталуына, сапар алдындағы техникалық және медициналық бақылауға, қызметтердің мүгедектер үшін қолжетімді болуына, билеттердің сатылуына және тағы сондай қойылатын талаптар ескеріліп отыр.

Тұрақты және тұрақсыз автобустық тасымалдау қызметтерін көрсету стандартына сәйкес қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынастағы жолаушылар мен багаждың автомобильдік тасымалдауында қолданылатын тұрақты автобустар мен шағын автобустардың нақты уақыт режіміндегі қозғалыс бағдарын бақылайтын жүйемен жабдықталуы тиіс.

Күн сайын ауысым аяқталғаннан кейін автобус қорабының сырты жуылып, тазарту және залалсыздандырушы саймандарды пайдалану арқылы салон дымқыл тазартудан өтуі тиіс. Ал автобус орындықтары бүтін болуы тиіс. Сондай-ақ желдеткіш пен жылыту жүйелерінің, сонымен бірге ішкі жарықтандыру мен автобус салонындағы акустиканың өлшемдері реттелген.

Жолаушыларды такси-автомобильдерімен тасымалдауға қойылатын талаптарға сәйкес тасымалдаушы автокөлік құралдарының сапар алдындағы техникалық бақылауын және такси жүргізушілерінің сапар алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық байқауын, сонымен қатар диспетчерлік қызметтің болуын немесе диспетчерлік қызмет көрсету щартының болуын және такси бұзылған кезде оны дер уақытында басқасына ауыстырылуын қамтамасыз ету қажет.

Такси автомобильдерінде өздігімен жұмыс жасауға рұқсатнама жүргізушілерге тасымалдаушы бекіткен тәртіп бойынша сынақтан өткеннен кейін беріледі. Ақаулығы бар немесе техникалық байқаудан өтпеген (жарты жылда бір рет) автокөлік құралын пайдалану және автокөлік құралын жүргізу кезінде, құлаққапты немесе қатты дауыс байланысын қолданудан басқа, телефонды пайдалануға тыйым салынады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында автомобиль көлігіне барлық көлік түріндегі тасымалдың жалпы санының 95 % жолаушылар тасымалына келеді. Сондықтан белгіленген стандарттардың талаптарын ұстану автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдаған кезде халыққа өркениетті, сапалы және қауіпсіз қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Теміржол вокзалдарында қызмет көрсету стандартын алсақ, ол қызметтер спектрін кеңейту мен оларды көрсету сапасын арттыруға, вокзалдар шаруашылығының инфрақұрылымын жаңғыртуға бірегей талаптарды белгілейді. Одан басқа жаңа стандарт жолаушылардың және вокзал қызметкерлерінің кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қарастырған.

Фирмалық пойыздарда жолаушыларды ыңғайлы тасымалдау үшін мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларды тасымалдауға арналған вагондардың болуы, кіру есігі арнайы мүгедек арбасын көтергішпен жабдықталуы сияқты талаптар стандартпен белгіленген.

Белгіленген стандарттар ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан іске қосылып, Қазақстан Республикасындағы жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсететін барлық меншік түріне тәуелсіз компанияларға таралады, деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.


Тегтер:

жол Темір @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!