Қайта құрылған «Қазақэнергиясараптама» мекемесінің функциялары кеңейді

Фотография - Қайта құрылған «Қазақэнергиясараптама» мекемесінің функциялары кеңейді

51 0

«Қазақэнергиясараптама» мекемесі «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ болып қайта құрылды.

Жаңа атауда электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру салаларындағы Акционерлік қоғам қызметінің негізгі бағыттары белгіленген.

«Қазақэнергиясараптама» АҚ атауы «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ (Қазақэнергиясараптама) атауына өзгертілді. Мекемені қайта құру «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңында көзделген экономиканың барлық басқа салаларын тұрақты және экологиялық таза дамытуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырылған экономиканың басым секторлары болып табылатын электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері және энергия үнемдеу салаларында бекітілген мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында жүргізілді», - делінеді хабарламада.

Институт жоғарыда аталған салаларда тұрақты негізде жүйелі зерттеулерді жүзеге асыру, үздік халықаралық тәжірибеге және энергетикадағы озық әлемдік технологиялар трансферіне бейімдеуге көмектесу, сондай-ақ мемлекеттік органдарға, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық-талдау және консультациялық қызметтерді көрсету үшін құрылды.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне тиесілі «Қазақэнергиясараптама» АҚ мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы заңмен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ауысады.


Тегтер:

Завод @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!