ҚР Қорғаныс министрі Израиль Президентімен кездесті

Фотография - ҚР Қорғаныс министрі Израиль Президентімен кездесті

22 0

Иерусалимде Израильге ресми сапары шеңберінде Әділбек Жақсыбековті Израиль мемлекетінің Президенті Шимон Перес қабылдады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Шимон Переске және Израиль халқына экс-Премьер Ариэль Шаронның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Израиль Президенті көптеген жылдардан бері Қазақстан-Израиль қарым-қатынасының жемісті дамып келе жатқанына тоқталып, Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы және ішкі саясаттағы даналығының арқасында Орталық Азиядағы бірден бір қарқынды дамушы ел болып табылатынын атап өтті.

Шимон Перес Израильдің жоғары технологияларды дамыту саласындағы ынтымақтастыққа әзір екенін жеткізді. Әскери өзара іс-қимылға қатысты ол Қазақстан полигондарында екі ел қарулы күштерінің бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу туралы ұсынысын айтты.

Өз кезегінде Әділбек Жақсыбеков Қазақстанның әскери өнеркәсіп саласында Израильмен инвестициялық және техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша маңыз беретінін атап өтті. Сонымен қатар, ол: «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу идесын қолдағаны үшін қазақстандықтардың алғысын жеткізім келеді, сондай-ақ израильдік компанияларды осы шараға қатысуға шақырамын», - деді.

Қорғаныс саласындағы қазақ-израиль қатынасын дамытудың оң үдерісі ретінде өткен жылдың соңында Израильдегі Қазақстан Республикасының Елшілігі жанында әскери атташе аппаратының ашылғаны болып табылады. Бұл Қазақстан-Израиль әскери ынтымақтастық мәселелерін жедел және тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Израильде тек қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу және жоғары технологиялық өндірістік базасының иегері ғана емес, Израиль экономикасы негізгі құраушыларының бірі болып табылатын қару-жарақ пен әскери техниканы шығару жөніндегі дамыған әскери-өнеркәсіптік кешен жұмыс істейді.

Израиль қорғаныс өнеркәсібінің өнімдері әлемде сұранысқа ие. Қазақстан да солардың қатарында. Бүгінде «Rafael», «IMI» және «Elbit Systems», «ІАІ» және «Ness» сияқты Израиль әскери-өнекркәсіптік кешенінің кәсіпорындарымен байланыс орнатылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!