«Қазақстан темір жолы» компаниясы бірінші кезекте Елбасы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етуі тиіс

Фотография - «Қазақстан темір жолы» компаниясы бірінші кезекте Елбасы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етуі тиіс

23 0

«Қазақстан темір жолы» компаниясы бірінші кезекте Елбасы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның алқа мәжілісінде ҚР Үкіметінің басшысы Серік Ахметов айтты.

 

«Баяндамаларды мұқият тыңдадым, нәтижелері жаман емес. Машина жасау саласында локомотивтер, тепловоздар шығару, вагон жасау өндірісі жақсы дамуда. Ірі инфрақұрылымдық жобалар бойынша да үлкен жұмыстар атқарылуда», - деді ол.

Сонымен қатар С.Ахметов өз сөзінде Мемлекет басшысы өзінің ағымдағы жылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке тиісті тапсырмалар бергендігін баса айтты.

«Оның ішінде транзиттік тасымал саласын дамыту, екінші индустриялық бағдарламаны дайындау бойынша Қазақстан темір жолының алдында бірқатар міндеттер тұр. Компания бірінші кезекте Елбасы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етуі қажет», - деді С.Ахметов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!