Cенат комитеті атауын өзгертті

Фотография - Cенат комитеті атауын өзгертті

20 0

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Парламент Сенатының жалпы отырысында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің атауы өзгертілді.

Енді аталмыш комитет «Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті» деп аталатын болады.

Конституциялық заңға сәйкес, тұрақты комитеттердің атауын Палата айқындайды. Осыған орай, палата алдында сөз сөйлеген комитет төрағасы Ақан Бижанов  Елбасының өткен жолғы Жолдауына тоқтала келе, ондағы басты мақсат республиканың әлемнің ең дамыған отыз мемлекетінің қатарына қосылу екенін атап өтті.

«Бұл тапсырманың сәтті іске асырылуы мемлекетіміздің ғылымды қажет ететін экономика қағидаттарына негізделген индустриялық-инновациялық даму жолын күшейтумен байланысты. Осыған орай, Президент өзінің Жолдауында ғылымның дамуына ерекше назар аударды. Ғылым саласының құқықтық қамтамасыз етілуін күшейту мақсатында комитеттің атауын «Әлеуметтік-мәдени және ғылым комитеті» деп өзгертуді ұсынамыз», - деді депутат А. Бижанов.

Палата депутаттары осы ұсынысқа қолдау білдірді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!