Елбасы Лакшми Митталмен кездесу өткізді

Фотография - Елбасы Лакшми Митталмен кездесу өткізді

16 0

Кездесу кезінде компанияның Қазақстандағы қазіргі қызметінің мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Лакшми Миттал компанияның еліміздегі металлургия саласын дамытуға қатысуы, комбинаттың Теміртаудағы қызметі, сондай-ақ түрлі инвестициялық және әлеуметтік жобалардың іске асырылуының аспектілерін қарастырды.

Компанияның Қазақстандағы кәсіпорындарының жұмысына, соның ішінде өндіріс көлемінің төмендеуі мен жұмысшылар санының қысқаруына байланысты бірқатар проблемалық мәселелер сөз болды.

Мемлекет басшысы бұл мәселелерді қарастырып, оларды шешу жолдарын Қазақстан Үкіметімен бірлесіп іздеу қажеттігін атап өтті.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!