Бурабай көлдері биыл тазартылады

Фотография - Бурабай көлдері биыл тазартылады

350 0

Бурабай курорттық аймағын тазартып, қалпына келтіру жұмыстары 2014 жылы жүргізілмек. Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің өткен жылдағы қорытындысы мен биылғы мақсаттарға арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

«Бурабай курорттық аймағының су айдындарын, яғни Щучье, Бурабай, Қарасу көлдерін тазалау мен санация жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары аяқталып келеді. Көлдерді тазартып, қалпына келтіру жұмыстары 2014 жылы жүргізілмек», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар ол Қарағанды облысы аймағындағы Нұра өзенін тазарту бойынша экологиялық жоба сәтті аяқталғанын жеткізді.

Бұған қоса Ақтөбе облысында Елек өзеніндегі тәжірибелік учаскесін алты валенттік хромнан тазарту бойынша бірегей жоба жұмыстары мәреге жетті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!