Қазақстанның Индонезиядағы дипломатиялық миссиясының басшысы АСЕАН жанындағы елшісі ретінде тағайындалды

Фотография - Қазақстанның Индонезиядағы дипломатиялық миссиясының басшысы АСЕАН жанындағы елшісі ретінде тағайындалды

33 0

Жақарта қаласында (Индонезия) Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Оразбай Оңтүстік-шығыс Азия елдері қоғамдастығының (АСЕАН) Бас хатшысы Ле Люонг Миньмен кездесті.

«Қазақстандық дипломат Бас хатшыға ҚР-дың Индонезиядағы Елшісін Қазақстанның АСЕАН жанындағы Елшісі ретінде тағайындау туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың хатын тапсырды»,-делінген хабарламада.

Кездесу барысында Елші АСЕАН-мен ынтымақтастықты, әсіресе қауіпсіздік жөніндегі АСЕАН-ның Аумақтық форумы шеңберінде нығайтуда Қазақстанның мүддесін атап өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!