Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды

Фотография - Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды

30 0

Еліміздің төрт аймағында табиғаттың тосын мінезінен жолдар жабылды.

Боран салдарынан Ақтөбе, Алматы, Жамбыл мен Қарағанды облыстарының күре жолдарына шығуға тыйым салынды.

25 қаңтар күні сағат 15.45-тен бастап "Қандағаш-Эмба-Шалқар-Ырғыз" автожолы (0 - 401 шақырымы) барлық көлік үшін жабылды.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, Алматы облысындағы "Үшарал-Достық" трассасы арқылы 27 қаңтардың түскі сағат 13.30 дан ешбір көлік өткізілмей отыр. Ал, Жамбыл облысының "Алматы-Ташкент" күре жолында "Айша-бибі" бекетінен Оңтүстік Қазақстан облысына жүк көліктері мен жолаушы тасымалдау көліктері жіберілмеуде.

Қарағанды облысында 26 қаңтардан бері бораннан жол көрінбей "Жезқазған-Петропавловск" жолы арқылы (Сәтпаев қаласы мен Ұлытау ауылының арасы) барлық көліктің өтуіне рұқсат берілмеген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!