Қазақстан сапасыз дәрі-дәрмек тастайтын алаңқайға айналмауы керек – С.Қайырбекова

Фотография - Қазақстан сапасыз дәрі-дәрмек тастайтын алаңқайға айналмауы керек – С.Қайырбекова

25 0

ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Елбасының «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жаңа Жолдауы аясындағы 2014-жылға арналған міндеттер туралы баяндау кезінде осылай деді.

«Соңғы 3 жылда елімізде ана өлімі 1,5 есе, сәбилердікі 1,3 есе азайды. Бір қарағанға құрғақ көрінетін сандардың артында менің әріптестерімнің, яғни, қатардағы дәрігерлердің ерен еңбегі жатыр десем, артық емес. Минут сайын, күн айын қызу жұмыс жүргізілуде.

Елбасының кадрлар тапшылығын бәсеңсіту туралы тапсырмасын орындау үшін де Денсаулық министрлігі ауылдық жерлерге қосымша ауылдық квота аясында 400 түлекті аттандырмақшы және 600 резидент те баратын болады. Медициналық ЖОО-ны бітірушілер 2019 жылы 5 мыңға жетеді. Бүгінде бұл сан 3 мыңды құрап отыр. Студенттерді дайындау сапасы пркатикалық сабақтардың көбеюі арқылы оңғарылатын болады. Атап айтқанда, ізденушілер клиникалардың ең озық та заманауи құрылғыларымен жұмыс жасайтын болады», - деді ол.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдерінің дәрі-дәрмектер, қыз балаларды папилом вирусына қарсы вакциналау жөніндегі сауалдарына Қазақстанның сапасыз дәрі-дәрмектердің тасталатын алаңқайына айналмауы тиіс деп жауап берді. Сондықтан да 2014 жылдың наурызынан бастап шетелдік дәрі-дәрмек өндірушілерінің препараттарына GMP стандарттарының болуын міндеттейтін талап енгізілетіндігін хабарлады.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!