Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды

Фотография - Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды

54 0

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының әкімі болып Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақов тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақов 1962 жылы туылған, білімі жоғары. 1985 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «Гидромелиоративтік жұмыстарды механизациялау», 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Заңгер», 2007 жылы Әулие-Ата университетін «Педагогика және психология» және 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Ресей Федерациясының Калуга облысындағы Кондров жылжымалы механикаландырылған колоннасының учаскелік механигі ретінде бастаған.

1985-1990 жылдары Жуалы ауданы №15 Бурный селолық кәсіптік училищесінде оқытушы, директордың орынбасары, 1990-2008 жылдары Жуалы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жуалы ауданы әкімінің аппаратында ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, 2008-2010 жылдары Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, 2010-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын атқарған. 2012 жылдың қаңтар айынан бері Жуалы аудандық мәслихатының хатшысы болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!