Қазақстан Пәкістанға ірі астық жеткізуші болуға ниетті

Фотография - Қазақстан Пәкістанға ірі астық жеткізуші болуға ниетті

17 0

Қазақстан Пәкістанға ірі астық жеткізуші бола алады.  Бүгін Ақордада бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Қазақстан Пәкістан Ислам Республикасымен ынтымақтастықты нығайтуға зор назар аударады. Біз Пәкістанға қазақстандық сыртқы саясатқа мүлтіксіз қолдау көрсеткені үшін ризамыз», - деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Пәкістан өкілдері Әлемдік және дәстүрлі  діндер көшбасшылары съезінің жұмысына тұрақты қатысатындығын да атап өтті.

«Пәкістан Қазақстанның басымдық ие сауда-экономикалық серіктесі болып табылады. Біздің елдеріміздің арасында ауыл шаруашылығы, аграрлық өнімдерді қайта өңдеу салаларында екіжақты жобалар бар. Қазақстан астық дақылдарының  ірі өндірушісі ретінде бұл өнімді Пәкістанға жеткізуші бола алады. Біз бұл бағыттағы ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын зерделей алар едік», - деді Н.Ә.Назарбаев.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!