Қызметкерлерімізді «жалған айту» детекторынан өткізетін боламыз – В.Божко

Фотография - Қызметкерлерімізді «жалған айту» детекторынан өткізетін боламыз – В.Божко

19 0

Бүгін ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко кадрлар мәселесінің шешілуіне қатысты осылай деп мәлімдеме жасады.

«Мемлекет басшысының министрлік қызметкерлеріне деген талабы сол, жауапты тұлғалар мінсіз мінез-құлығымен және жоғары кәсібилігімен ерекшеленуі керек. Кадрларды іріктеу және орналастыру мәселесі басты орындардың бірінде тұр.

Министрлікте қызметкерлерді аттестаттаудың қағидатты жаңа рәсімі белгіленді. Психологиялық тұрақтылыққа міндетті түрде тестілеу жүргізілетін болады. Бас прокуратурамен міндетті аттестаттауға «жалған айту» детекторы арқылы полиграфиялық зерттеуден өту мәселесі пысықталуда, біз 2 жинақты сатып алдық», - деді ол.

«Қызметкерлердің мансаптық өсуінің бірыңғай тәртібін орнату үшін басшылық лауазымдарға жылжыту үшін перспективті резерв қалыптастырылды. Кадрлық резерв сонымен қатар, алдын алу функциясын атқарады және тағайындау кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің таратылуына кедергі жасайды», - деп толықтырды министр.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!