Қазақстанға шетел жұмысшыларын тарту квотасы анықталды

Фотография - Қазақстанға шетел жұмысшыларын тарту квотасы анықталды

34 0

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы Үкімімен ҚР шетел жұмысшыларын тарту квотасы анықталды. Ол 0,7 пайыздық көлемде, халықтың экономикалық белсенділігінің 63 мың бірлігін құрайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті хабарлағандай, шетелдік жұмыс күшін тарту мақсаты сыртқы нарықтың қорғалуын қамтамасыз етеді. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы шетелдік жұмыс күшін тарту мөлшері 45 мың бірлікке азайды.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға келсек, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен қазір Қазақстан Республикасының аумағында 23,7 мың шетелдік азамат жұмыс істейді. Олардың ішінде: жетекшілер мен олардың орынбасарлары - 1754 адам; салалық бөлімшелердің жетекшілері - 5066 адам; мамандар - 11060 адам; білікті мамандар - 5609 адам. Сондай-ақ, мерзімдік ауыл шаруашылық жұмыстарына 239 адам тартылған.

Айта кетейік, білікті мамандардың қамтылуы индустриялық-инновациялық, экономикалық секторлардың үлесімен жүзеге асады.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!