Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін барлық алғышарттар бар - ЕҚЫҰ ПА экс-президенті Рикардо Мильори

Фотография - Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін барлық алғышарттар бар - ЕҚЫҰ ПА экс-президенті Рикардо Мильори

23 0

Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге барлық алғышарттары бар. Мұндай пікірді Италиядағы ҚР Елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050» Жолдауының таныстырылымы барысында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының экс-президенті Рикардо Мильори білдірді.

«Жалпы, бұл Жолдау сындарлы асқақтығымен, мұқият ойластырылған стратегиясымен, сапалы жаңа міндеттердің қойылуымен және ең бастысы - Президенттің өз халқына деген қамқорлығының айқын көрініс беруімен ерекшеленеді. Белгіленген міндеттерді табысты шешудің арқасында, Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін барлық алғышарттары бар», - деді Жолдауды талдау кезінде Р.Мильори. Сайттың мәліметінше, дөңгелек үстелге Италияның саяси, сарапшы, академиялық топтары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Елші Андриан Елемесов қазіргі таңда Қазақстан басты мақсаты әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру болып табылатын «2050 Стратегиясын» іске асыру үшін экономикалық, әлеуметтік және институционалдық негіз құру бойынша тапсырмаларды батыл шешіп отырғанын атап өтті. Қазақстандық дипломат Жолдаудың экономикалық бөлімі, инфрақұрылымдық және инвестициялық басым жобалары жайлы сөз ете отырып, еліміздің сыртқы саясатының тұжырымдамалық негіздерін өзгертпейтініне және өзіне жүктелген барлық халықаралық міндеттемелерді толығымен орындайтынына көңіл аударды.

Өз сөздерінде итальяндық сарапшылар бірауыздан Қазақстан Президентінің халқына Жолдауы тек ел дамуының айқын қорытындыларын жасап қана қоймай, ел болашағын дамытуда нақты мақсаттар қоятынын айтты.

Италия Сенатының өкілі Серджио Дивина экономиканың өндіріс секторларын дамытудағы Қазақстан Үкіметінің күш-жігерін жоғары бағалай отырып, Қазақстанның дағдарысқа қарсы қабылдаған шараларының уақыттылығы мен нәтижелілігін, сондай-ақ еліміздің халықаралық аренадағы жетістіктерін атап өтті.

Итальяндық түркітанушы профессор және «Vox Populi» ғылыми-зерттеу орталығының президенті Эрманно Визинтайнер отаншылдықсыз тұрақты мемлекет құру және оны дамыту мүмкін еместігін, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын тұжырымдау Жолдаудағы негізгі бағыт болғанына тоқталып өтті.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!