ҚР Сыртқы iстер министрi: Нидерланды - Қазақстанның Еуропадағы ең iрi әрiптесi

Фотография - ҚР Сыртқы iстер министрi: Нидерланды - Қазақстанның Еуропадағы ең iрi әрiптесi

27 0

Бүгiн ҚР Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов Нидерланды Корольдiгiнiң Сыртқы iстер министрi Франс Тиммерманспен кездестi.

Айта кетейiк, бұл оның Қазақстан Республикасына алғашқы ресми сапары.

"Бiз Нидерландыны Қазақстанның көп жылғы досы және әрiптесi деп қарастырамыз. Бүгiн бiз екiжақты қатынастардың маңызды мәселелерi бойынша пiкiр алмастық. Бiзде екiжақты ғана емес, көпжақты деңгейде  саяси, экономикалық, гуманитарлық салада тығыз байланыстар орнатылған. Еуропа Қазақстан инвесторларының басты ойыншысы десек, соның iшiнде Нидерланды жетекшi орынға ие. Нидерландының тiкелей және шетелдiк инвестициясы Еуропадан келген жалпы инвестицияның 4/1 бөлiгiн құрайды. Бұл шамамен 50 млрд. доллар. Нидерланды мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық үлкен қарқынмен дамуда. Дағдарысқа қарамастан, екiжақты сауда айналымы биыл 10 млрд. долларға жеттi, бұл шамамен 35 пайызға жоғары", - дедi Е.Ыдырысов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!