А.Жұмағалиев: Жаңғыртудан өткен темір жол сапаржайларының сапасына кейістік көп

Фотография - А.Жұмағалиев: Жаңғыртудан өткен темір жол сапаржайларының сапасына кейістік көп

14 0

Жаңғыртудан өткен темір жол сапаржайларының сапасына қатысты сын көп. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, өткен жылы 2012 жылмен салыстырғанда темір жол тасымалы саласында тасымалданған жолаушылардың саны 5,5 пайызға өсті. 6 жолаушылар пойызға жолға шықты. 97 жаңа локомотив, 1704 жүк вагоны, 237 жолаушылар вагоны сатып алынды. Сондай-ақ 1250 шақырым темір жол төселіп, 631 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«80 сапаржай күрделі жөндеуден өтті. Дегенмен, қазіргі уақытта аталған сапаржайларды жаңғырту сапасына қатысты кейістік орын алуда. Меніңше, бұған «Қазақстан темір жолы» басшылығы назар аударып, таяу аралықта орын алған кемшіліктерді жояды деп ойлаймын», - деді А.Жұмағалиев.

Сонымен қатар министр биыл 38 темір жол сапаржайын күрделі жөндеден өткізу жоспарланып отырғандығын да баса айтты.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!