Жаңа пойыз жолға шығып, келесі бірінің кестесіне өзгеріс енгізілді

Фотография - Жаңа пойыз жолға шығып, келесі бірінің кестесіне өзгеріс енгізілді

28 0

«Жолаушылар тасымалы» АҚ елімізде темір жол арқылы жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты 2014 жылдың 8 ақпанынан бастап №66/65 «Астана-Арыс» қосымша жолаушылар пойызының қатынасы ұзартылғаны туралы хабарлады.

Алты күнде бір рет қатынайтын пойыз кестесі төмендегідей: Пойыз Астанадан 00 сағат 05 минутта аттанып, Арыс станциясына 01 сағат 13 минутта келіп жетеді. Арыс станциясынан 05 сағат 30 минутта шығып, Астанаға 07:50-де келеді. 9 вагоннан тұратын жылжымалы құрамның 1-уі СВ, 6 купе, 2 плацкартты вагон.

Сонымен қатар, 2014 жылдың 10 ақпанынан бастап №30/29 «Астана-Түркістан» қосымша жолаушылар пойызының жіберіледі деп күтілуде. Құрам алты күнде бір рет қатынайды.

Пойыз Астанадан 22 сағат 22 минутта аттанып, Түркістан станциясына 00 сағат 50 минутта келіп жетеді. Түркістаннан 06 сағат 28 минутта шығып, Астанаға 11:06-да келеді. Құрам 9 вагоннан тұрады, оның біреуі СВ, 6 купе, 2 плацкартты вагон.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!