В.Челахтың өтініші қанағаттандырылмады

Фотография - В.Челахтың өтініші қанағаттандырылмады

40 0

ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы алқасы өмір бойы бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың өтінішін қарады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Сот отырысы барысында алқаға қатысушылардың барлығы тыңдалып, қорғаушы тараптың дәлелдері тыңғылықты зерделеніп, сәйкесінше баға берілді.

Қылмыстық іс материалдарын зерделеу әрі сараптау нәтижесінде сот актілеріндегі қолда бар дәлелдердің негізді әрі дәлелді екендігі танылды. Ал В.Челахтың сот актісін қайта қарау туралы өтініші қанағаттандырылған жоқ.


Тегтер:

сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!