Павлодарда "Сирияда болғандар" сотқа тартылды

Фотография - Павлодарда "Сирияда болғандар" сотқа тартылды

21 0

Павлодар қаласындағы №2 қылмыстық сотта «Сириядағы қақтығыстарға қатысты» деп айыпталған екібастұздық төрт азаматқа қатысты сот өтіп жатыр. Соттың баспасөз хатшысы Әлібек Баратовтың айтуынша, процесс 3 ақпанда басталған.

Бірақ ол сот жайында толық ақпаратты Екібастұз сотынан білу керектігін айтты. Ал Екібастұз соты жергілікті ақпарат құралдарында шыққан ақпараттарды растағанмен, қосымша мәлімет беруден бас тартты.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, Екібастұз азаматтары 26 жастағы Азамат Қазбаев пен Әбдісалям Мурзабаев «терроризмді насихаттады», «террористік топтардың әрекетіне қатысты», «террористік әрекеттерді қаржыландырды», «террористік немесе экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында азаматтарды тартты, даярлады» сияқты ауыр баптар бойынша айыпталып отыр.

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, бұдан бөлек Екібастұздың тағы екі тұрғыны 29 жастағы Берік Жақупов пен 30 жастағы Борис Мурзабаевқа да «террористік әрекетті қаржыландырды» деген айып тағылған. Олардан елден кетпеу туралы қолхат алынған.

2013 жылдың қараша айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Азамат Қазбаев пен Әбдісалям Мурзабаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын. Павлодарда бұл азаматтардың үстінен басталған сотты судья Александр Гаенко жүргізіп отыр. Әзірге Азаттықтың айыпталушылардың туыстары мен адвокаттарына хабарласу әрекеті нәтижесіз болып тұр.


Тегтер:

полиция @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!