Қытай біра аптаға Қазақстанмен арадағы шекараны жабады

Фотография - Қытай біра аптаға Қазақстанмен арадағы шекараны жабады

25 0

Осы күндері Қытайға сапар шегемін деген азаматтарымыздың асықпағаны абзал. Өйткені, Қытай елі қазір жаңа жылды тойлауда. Бұл елдегі жолаушылар тасқынының ең үдемелі кезеңі болып табылады. Қазақстан-Қытай шекараcы бір аптаға жабылды.

Қазір Қытай бойынша жолаушылар тасқыны 2 миллиард адамнан асып түсті. Олардың басым көпшілігін қытайлардың өздері құрап отыр. Барлық бағыттарға билеттер алдын-ала сатылып кеткен. Қытай үкіметі ел ішіндегі темір және әуе жол тасымалы кестелеріне өзгерістер енгізуде. Темір жолдарға уақытша 200-ге жуық қосымша пойыздар шықса, 12 мыңнан астам қосымша әуе рейстері іске қосылды.

Юй Ян, Чиндау тұрғыны:

Бейжіңде жаңа жылды қарсы алуға мен екі ай бұрын дайындалдым. Билеттерімді алдын ала сатып алдым. Бұл күндері қай бағытқа, қай көлікке де билет табу мүмкін емес. Алыстан, әсіресе, шетелден келетін меймандарға Қытайға мереке өткеннен кейін келгені абзал деп кеңес беремін.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!