Қазақстанда жаңа 250 өнім түрі өндірілетін болады

Фотография - Қазақстанда жаңа 250 өнім түрі өндірілетін болады

28 0

Қазақстанда жаңа 250 өнім түрі пайда болады. Бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 жыл ішінде 780 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 160 жұмыс орны құрылғанын атап өтті.

«Ағымдағы жылы тағы 130 жаңа кәсіпорын іске қосылады. Бағдарламаны толық орындау Қазақстанға 70 млрд. АҚШ долларға пара-пар 950 кәсіпорынды іске қосып, 25 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - деді Елбасы.

Сонымен бірге ҚР Президенті аталған бағдарламаны жүзеге асыру нақты орындалып, қажетті қаржылай ресурстармен қамтамасыз етіліп отырғандығын баса айтты. «Нәтижесінде Қазақстанда мүлдем жаңа, ешқашан өндірілмеген 250 өнім түрі пайда болады. Бүгінде Қазақстанның дайын өнімдері әлемнің 111 еліне экспортталуда», - деді Н.Назарбаев.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!