Қазақстан 2014 жылы 105 перспективалық учаскеге геологиялық барлауға байқау жариялайды

Фотография - Қазақстан 2014 жылы 105 перспективалық учаскеге геологиялық барлауға байқау жариялайды

16 0

Қазақстанда  2014 жылы 105 перспективалық учаскеге геологиялық барлауға байқау өткізу жоспарлануда, деп мәлімдеді бейсенбіде индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев.

«Мораторийдің алынып тасталуына байланысты  жер қойнауын пайдалануға құқық беру үшін жер қойнауын пайдаланудың 105 нысанына байқау өткізу жоспарлануда», - деді  Исекешев ИЖТМ алқа отырысында.

Оның мәліметінше,  2000-2013 жылдары геологиялық барлауға  234 миллиард теңге инвестициялар тартылған болатын, бұл ретте соңғы төрт жылда (2010-2013 қоса алғанда) пайдалы қазбалардың басымдық берілетін түрлері бойынша қор өсімі  30 пайызды құрады.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!