Биыл «Тойотамен» бірлесіп жасаған отандық «джип» жолға шығады

Фотография - Биыл «Тойотамен» бірлесіп жасаған отандық «джип» жолға шығады

16 0

Бүгін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде премьер-министр Серік Ахметов пен Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, салалық қауымдастықтар өкілдері мен облыс әкімдерінің арнаулы орынбасарлары және іргелі кәсіпорын басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Отырыста екі мәселе талқыланды. Аталған ведомство мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өткен жылдағы жұмыс қорытындылары мен 2014 жылға арналған басты міндеттері сөз болды.

Алқа отырсының тізгінін қолына ала отырып баяндама жасаған Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев ел экономикасында қарқынды өсіп келе жатқан екі саланың бірі – машина жасау саласы екенін атап өтті.

- Бұл салада өткен жылдың үздік көрсеткіші 114,6 пайызды құрап, өндіріс көлемі 850 млрд теңгеден асты. 38 мыңға жуық автокөлік (2 есеге артқан), 922 автобус (4,5 есе өскен) шығарылды. Ағымдағы жылы «Тойота» компаниясымен бірлесіп, жол талғамайтын алғашқы отандық көлікті шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл Елбасының Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асырумен тікелей астасып жатқандығын ескерген жөн, - деді Әсет Өрентайұлы.

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!