Келесі жылы Қазақстан 50 электровоз бен тепловоз шығарады

Фотография - Келесі жылы Қазақстан 50 электровоз бен тепловоз шығарады

46 0

Келесі жылы Қазақстан 50 электровоз бен тепловоз шығарады. Бүгін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алқа мәжілісінде Премьер-Министр Серік Ахметов осылай мәлім етті.

«Жүк вагондарын шығару еселеп өсті. 2013 жылдың қорытындысының өзінде-ақ Қазақстанда 3 мыңнан астам жүк және 150 жолаушылар көлігі шығарылды. Келесі жылы 50 электровоз бен тепловоз шығаратын боламыз. Бұл біздің экспорттық басымдығымыз», - деді Үкімет басшысы.

Дегенмен Премьер-Министрдің атап өтуінше, елімізде аталған өнімдердің өндіріс көлемі артып отырғанына қарамастан жүк вагондарының тапшылығы  сезілуде.

«Негізгі қорлар тұрақты жаңартылу үстінде. Дегенмен  базалық негізгі салаларды жаңғырта түсу қажет», - деді ол.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!