«Мәңгілік Ел» идеясының өзегі ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтар

Фотография - «Мәңгілік Ел» идеясының өзегі ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтар

42 0

«Мәңгілік Ел» идеясының өзегі  - ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтар. Бүгiн «Нұр Отан» партиясы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысында партия Төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбек осылай айтты.

Басқосуда Төраға орынбасары Елбасының биылғы Жолдауында "Қазақстан-2050" Стратегиясын жүзеге асыруға ел болып жұмылу міндеттелгеніне тоқталып, Жолдауды насихаттап, елді отаншылдық рухта жасампаз іске жұмылдыруда партия сөзсіз авангардтық, туұстаушылық рөл атқаруы тиістігін атап өтті.

«Бұл ретте Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясының негізгі өзегі түптеп келгенде ғасырлар бойы өз өміршеңдігін дәлелдеген ұлттық, баршамызға жақын жалпы адамзаттық құндылықтар. Елбасы идеясының «Нұр Отан» партиясының негізгі құжаты доктринасымен үндес, рухтас келуі - заңды құбылыс. Олай болса, доктринаны жазуға ат салысқан Сіздер «Мәңгілік Ел» актісін дайындауға да еліміздегі белгілі интеллектуалдық клуб мүшелері ретінде өздеріңіздің лайықты үлестеріңізді қосасыздар деп сенемін», - деді жиында сөз сөйлеген Б.Байбек.

Оның айтуынша, Елбасы Жолдауын жұртшылық арасында насихаттау бұл - науқаншылдық емес, жоспарлы да, мақсатты қимылды ірі саяси күшке тән салиқалықты талап етеді. «Ал мұндай үлкен миссия, тек ел жақсыларының қолдауымен бірге іске асады», - деді Төраға орынбасары.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!