Назарбаев Қазақстан атауын өзгерту туралы айтты

Фотография - Назарбаев Қазақстан атауын өзгерту туралы айтты

30 0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына сапары барысында, 6 ақпанда республиканың ресми атауын Қазақ елі деп өзгертілуі мүмкін деп мәлімдеді.

"Еліміздің атауында Орталық Азияның басқа да елдеріндегі сияқты "стан" деген жалғау бар. Шетелдіктер небәрі екі миллион халқы бар Моңғолияға қызығушылық танытады. Бірақ оның атауында "стан" жалғауы жоқ. Мүмкін, уақыт өте келе мемлекет атауын "Қазақ елі" деп өзгерту керек шығар. Бірақ мұны алдымен міндетті түрде халықтың талқысына салған жөн" деген Назарбаев облыстың мәдениет және қоғам өкілдерімен кездесуінде.

Назарбаев Атырау облысына сапармен кеше барған. Мұнда ол Назарбаев интеллектуалдық мектебіне, Атырау мұнай өңдеу зауытына барды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!