Елімізде психикасы шайқалғандардың орташа жасы 25 пен 34 аралығында

Фотография - Елімізде психикасы шайқалғандардың орташа жасы 25 пен 34  аралығында

16 0

Еліміздегі жүйке жүйесі ауруларына шалдыққандардың жиырма пайызы сауығып шығады. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары мәлімдеді.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, еліміздің жүйке жүйесі ауруларын емдеу орталықтарында 59 210 адам, оның ішінде 8,5 мың бала емделіп жатыр екен. Ал, дертінен айығып, есептен шығарылғандар осы көрсеткіштің 20 пайызын құрап отыр.

Психиатр-дәрігерлердің тізімінде бүгінде 195,5 мың қазақстандық тіркеуде тұр. Олардың 116,2 мыңы - ер азаматтар, 79,2  - әйелдер және 31,2 мыңы - балалар.

Республикамыздағы мұндай емдеу мекемелерінде ақыл-ой кемтарлығы, шизофрения дертіне шалдыққан науқастар саны басым екен.

Психикалық ауруларға ұшырағандардың орташа жасы 25 пен 34 аралығын құрайды. Айта кетейік, бүгінгі күні бес жылдан астам уақыт бойы тұрақты түрде стационарда ем қабылдап жатқан 134 адам бар. Олардың барлығы соттың шешімі арқылы мәжбүрлі түрде емделіп жатқандар.

Министрліктегілер сондай-ақ, 2012 жылмен салыстырғанда жүйке жүйесі ауруларын емдеу орталықтарында емделіп жатқандар саны үш пайызға азайғанын айтты.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!