Қазақстандық әскерилер «Бейбіт миссия – 2014» оқу-жаттығуларының алғашқы штабтық келіссөздеріне қатысуда

Фотография - Қазақстандық әскерилер «Бейбіт миссия – 2014» оқу-жаттығуларының алғашқы штабтық келіссөздеріне қатысуда

26 0

Қазақстандық әскерилер «Бейбіт миссия – 2014» оқу-жаттығуларының алғашқы штабтық келіссөздеріне қатысуда.

 

"Бейжіңде «Бейбіт миссия – 2014» террорға қарсы бірлескен әскери оқу-жаттығуларының алғашқы штабтық келіссөздері өткізілуде. Келіссөздерде ҚР Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев бастаған қазақстандық әскери делегация оқу-жаттығудың жоспарын, мақсаты мен тапсырмаларын, сондай-ақ ұйымдастыру мәселелерін талқылауда".

 

Шанхай ынтымақтастық ұйымы форматындағы командалық-штабтық оқу-жаттығулары дәстүрлі түрде ШЫҰ-на мүше мемлекеттер аумағында екі жылда бір рет өткізіліп тұрады. Аталған іс-шараға Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Қырғыз Республикасының әскери контингенттері қатысады.

 

Биыл «Бейбіт миссия – 2014» оқу-жаттығулары Қытай Халық Республикасының аумағында өтеді. 2010 жылы «Бейбіт миссия» оқу-жаттығулары Қазақстанның Мәтібұлақ полигонында өткен болатын.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!