Ауылдықтардың басым бөлігі мүлдем мал ұстамайды

Фотография - Ауылдықтардың басым бөлігі мүлдем мал ұстамайды

23 0

Соңғы жылдары халықтың жеке қосалқы шаруашылығында мал басы азайып барады. Қазақстанның бірқатар облыстарында ауыл тұрғындарының жартысы мүлдем мал ұстамайды. Бұл жайында бүгін «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ кеңейтілген отырысында айтылды.

Аталмыш одақтың басшысы Әуезхан Дарынов бұл үрдістің «жақсы белгі» емес екенін айтып отыр. «Фермалардағы мал басы өсіп жатыр дейміз. Бірақ, мемлекеттің шағын өндірушілерге назар аудару қажеттігін айтқым келеді. Ондай болмаған жағдайда барымыздан айрылып қалуымыз мүмкін»,- деді Ә Дарынов.

Еліміздің бас фермері осылайша ауыл тұрғындарының қалаға кету проблемасына назар аударуға шақырады. Мұның соңы ауылдардағы кадр мәселесінің тапшылығына әкеліп соғады деп есептейді ол.

«Қарама-қайшылық бар. Бір жағынан - ауылдарда мамандар жетіспейді, екінші жағынан - ауылдағы азаматтар, әсіресе жастар буыны жақсы өмір сүру жағдайын іздеп, қалаға көшіп келіп жатыр. Проблема - ауылдағы өмір деңгейінің төмендігінде, табыстың аз болуында... Біз талдау жүргізіп мынадай таң қалдырған қорытындыға келдік: Қазақстанның алты облысында үй жайлардың қырық-елу пайызында ешбір мал жоқ! Осы фактінің өзі шенеуніктердің көзқарасын өзгертуі тиіс. Еліміздің ауылшаруашылығы саласының әлеуметтік аграрлық саясатын қысқа мерзімде қайта қарау қажет», дейді «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ басшысы Әуезхан Дарынов.

Ол елімізде отбасылық типтегi шаруашылықтардың санын арттыру туралы ұсыныс жасады.

«Елімізде 2-3 млн отбасылық ферма бар. Бірақ, бұл бiздiң елiмiз үшiн шек бола алмайды деп ойлаймын. Республикада өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар саны 2,7 млн-ға жетiп отыр. Отбасылық фермалар неғұрлым көп болса, әлеуметтiк-экономикалық мәселелер де шешімін табар еді. Қазiргi уақытта шамамен 200 мың ауыл шаруашылық құрылымдары бар және оның 173 мыңы жұмыс iстеп тұр», - деп қосты Ә.Дарынов.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!