Алматы әкімі қаланы аралап халық тұтынатын тауарлардың бағасын жеке өзі тексеріп шықты

Фотография - Алматы әкімі қаланы аралап халық тұтынатын тауарлардың бағасын жеке өзі тексеріп шықты

30 0

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов қаланың ірі дүкендерін, дәріханалары мен жанармай құю станцияларын аралап көрді. Қала басшысы халық тұтынатын тауарлардың бағасын жеке өзі тексеріп шықты.

Жоғарыда аталған обьектілер басшылары ҚР Ұлттық банкінің теңге курсына түзету енгізгенімен, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының бұрынғы деңгейде қалатындығын, жеткізді. Егер кеше кешкісін қала дүкендерінде әбігершілік байқалса, бүгін жағдай бірқалыпты, тауарлар бұрынғы бағаларымен шектеусіз сатылуда. Қала қоймаларында қажетті тауарлар мен бензин қоры жеткілікті.

«Мемлекет бизнеске үнемі қолдау көрсетеді. Біз кәсіпкерлер қазіргі жағдайды өздерінің бас пайдасы үшін пайдаланбайды деген сенімдеміз. Тиісті заң аясында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының шарықтауына жол бермейміз», - деді Ахметжан Есімов.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматыда арнайы жиын өтіп, онда қаланың қызмет көрсету салаларына бағаны бақылау және алыпсатарлықтың алдын алу жөнінде тапсырма берілген болатын.


Тегтер:

алматы @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!