Франция Қазақстаның жетекші сауда серіктестерінің алдыңғы бестігіне кірді

Фотография - Франция Қазақстаның жетекші сауда серіктестерінің алдыңғы бестігіне кірді

26 0

Франция бүгінде Қазақстанның стратегиялық әріптестерінің алдыңғы қатарына еніп отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Француз іскерлік кеңесінің кезекті, 6-шы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты.

«2013 жылдың қорытындылары бойынша Франция Қазақстаның жетекші сауда серіктестерінің алдыңғы бестігіне кірді. Тауар айналымы 6 млрд. АҚШ долларынан асты. Ал Қазақстанға салынған инвестиция жөнінен Франция 4-орында тұр. 2005 жылдан бері осы елдің біздің мемлекетке салған тікелей инвестициялары 10 млрд. доллардан асты», - деп атап өтті ол.

Вице-премьердің айтуынша, бүгінде елімізде 150-ге жуық француз компаниялары қызмет етеді.

«Бұл жерде айта кету керек, бұрын мұндай ірі компаниялар тек мұнай-газ саласында әріптестік қарым-қатынаста болса, соңғы 5 жылда Қазақстанды индустрияландыру бағдарламасы бойынша Францияның индустриялық компаниялары елімізде табысты қызмет ете бастады», - деді Ә. Исекешев.

Оның айтуынша, мәселен, «Данон», «Викап», «Пежо», «Альстом» және басқа да көптеген компаниялар өздерінің өндірістерін елімізде ашып, өнімдерін шығаруда.


Тегтер:

Парламент @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!